Бибісара Асаубаева Норвегиядағы жарыста екінші орынға жайғасты
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Norway Chess Women-2026 турнирінің кестесінде екінші орынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бесінші турдан кейін үндістандық Дивья Дешмух көшбасшына шықты. Үндістандық шахматшы қытайлық Чжу Цзиньерді жеңіп, үш ұпай жинап, жалпы ұпайын 8,5-ке жеткізді.
Үндіс өкілі Бибисара Асаубаевадан озып, бірінші орынға көтерілді.
Бесінші кезеңде қазақстандық шахматшы украиналық гроссмейстер Анна Музычукке есе жіберді.
Қазіргі турнир кестесі келесідей:
1. Дивья Дешмух (Үндістан) – 8,5 ұпай
2. Бибисара Асаубаева (Қазақстан) – 8 ұпай
3. Анна Музычук (Украина) – 7 ұпай
Алтыншы турда Асаубаева тәжірибелі үнді гроссмейстері Хампи Конеруға қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или