Алматыдағы халықаралық турнир аяқталды
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз салмақ дәрежелерінде келесі спортшылар чемпион атанды: 50 кг - Ернар Қарап (Абай облысы), 55 кг - Сәкен Бибосынов (ЦСКА), 60 кг - Асылжан Серікбай (Шымкент), 65 кг - Абзал Серік (Шымкент), 70 кг - Елнұр Сүйінбай (Жымбыл обылысы), 75 кг - Еркебұлан Шәйкенов (Жетісу облысы), 80 кг - Нұрқанат Райыс (Маңғыстау облысы), 85 келі - Бекнұр Батырбек (ЦСКА), 90 келі - Нұржан Думан (Қарағанды облысы), 90+ келі - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан).
Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытайдан 126 боксшы бақ сынасты.
Александр Усик посткеңестік бокстың басты мәселесін атады