Дмитрий Бивол Михаэль Айфертпен көз түйістірді
Жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол жекпе-жек алдындағы финалдық face-off рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бивол Германия боксшысы Михаэль Айфертпен көз түйістіру өткізді. Бұл рәсім олардың 30 мамыр күні Екатеринбургте өтетін жекпе-жегі алдында ұйымдастырылды.
Дмитрий Бивол соңғы рет 2025 жылдың ақпанында Артур Бетербиевке қарсы шығып, төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, абсолютті әлем чемпионы атанған болатын.
Айта кетелік, Михаэль Айферт соңғы жекпе-жегінде Карлос Хименесті техникалық нокаутпен жеңген. Екі боксшы да бұл кездесуге жақсы дене қалпымен келіп отыр.
19 жастағы қазақстандық OCTAGON лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или