Ақмарал Ерекешева - көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Бішкектегі (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионатында отандасымыз Ақмарал Ерекешева өзінің үшінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жасөспірімдер арасында 2 дүркін әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева ұршық жаттығуының финалында 28.65 ұпай жинап, екінші орын иеленді. Бұнда бірнеше дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Тахмина Икромова (29.75) жеңімпаз атанды. Қола жүлдені Өзбекстан өкілі Наталья Усова (28.30) алды.
Енді санаулы сәттерден кейін спортшыларымыз таспа сайысының ақтық сынында бақ сынайды.
Айта кетейік, бұл турнир күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Көркем гимнастикадан АЧ: Ақмарал Ерекешева тағы қола медаль жеңіп алды
Көркем гимнастика: Ақмарал Ерекешева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды