Айбота Ертайқызы Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі
Бүгін Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы жекелей сындағы көпсайыс бәсекесінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз көпсайыста жалпы 113.65 ұпай жинады. Атап айтсақ, шығыршықпен жаттығуда 28.50, доппен 27.45, ұршықпен сайыста 28.70, таспамен жарыста 29 ұпай нәтижені көрсетті. Осы бағдарламада өзбекстандық Тахмина Икромова (115.10) жеңімпаз атанса, ал өзбекстандық Наталья Усова (112.40) қола медальға қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Айбота былтырғы Сингапурда өткен сары құрлық додасында таспа сайысында чемпион, ал көпсайыста қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ бұл дода күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Еске сала кетсек, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста күміс жүлдеге ие болған еді.
Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды
Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды