Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысады

23-26 мамыр аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлық біріншілігінің жекелей бағдарламасында 17 елден 30-дан астам спортшы бақ сынайды. Ал топтық жаттығуларда 10 елдің командалары жүлделерді сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы жарысқа толық құраммен қатысады. Чемпионат бағдарламасына сәйкес, 23-24 мамыр күндері көпсайыстағы іріктеу жарыстары өтеді. 25 мамырда жекелей және топтық көпсайыс финалдары ұйымдастырылады. Ал 26 мамыр күні жанкүйерлерді бағдарламаның жекелеген түрлері бойынша финалдық сайыстар күтеді.

Айта кетейік, бұл турнир Азияның ең мықты көркем гимнастика шеберлері жиналатын маңызды жарыстардың бірі саналады. Сонымен қатар, чемпионат күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі болмақ.

Атақты қазақстандық спортшылар олимпиадалық дәріс өткізді

Қазақстан спортшысы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қытайдағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или