Көркем гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір күміске ие болды

Көркем гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір күміске ие болды

Қырғызстанда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топтық сайыста өнер көрсеткен Ұлттық құрама 5 доп жаттығуының финалында 26.30 ұпай жинап, екінші орын алды деп хабарлайды Prosports.kz

Аталған бағдарламада 10 елдің құрамалары бақ сынап, өзара мықтыны анықтауда.

Нәтижесінде Қытай құрамасы 27.95 ұпаймен көш бастады. Ал үшінші орын Оңтүстік Кореяға (25.35) бұйырды.

Еске сала кетейік, былтырғы Азия чемпионатында қыздарымыз топтық жаттығуда 3 шығыршық және 2 жұп ұршық сайысында алтын медаль жеңіп алып, 5 таспа бәсекесінде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Сонымен қатар, бұл жарыс күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.

Көркем гимнастикадан АЧ: Айбота Ертайқызы күміс медаль еншіледі

Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или