Ақмарал Ерекешева Азия чемпионатында тағы қола медаль жеңіп алды
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатының финалдық сайыстары жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз Ақмарал Ерекешева екінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұл жолы ол доп жаттығуының финалында 27.55 ұпай алып үшінші орыннан көрінді. Бұл бағдарламада бірнеше дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық спортшы Тахмина Икромова (29.05) алтын алса, күміс жүлдені Қытай өкілі, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалисі Ван Цзылу (27.60) иеленді.
Айта кетейік, бұл турнир күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Көркем гимнастика: Ақмарал Ерекешева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі
Көркем гимнастикадан АЧ: Айбота Ертайқызы күміс медаль еншіледі