Ақмарал Ерекешева Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді

Ақмарал Ерекешева Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді

Бүгін Бішкекте (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионатының ақтық жарыстары өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, отандасымыз Ақмарал Ерекешева шығыршық жаттығуының финалында 28.50 ұпай алып үздік үштікке енді. Осы сайыста 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы, өзбекстандық тәжірибелі спортшы Тахмина Икромова (29.25) жеңімпаз атанса, күміс жүлдені қытайлық, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалисі Ван Цзылу (28.90) алды.

Айта кетейік, сары құрлық додасына жекелей сын бойынша 17 елден 30-дан астам үздік спортшы қатысуда. Сондай-ақ бұл турнир күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Көркем гимнастикадан АЧ: Айбота Ертайқызы күміс медаль еншіледі

Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или