Бибісара Асаубаева Норвегиядағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияда өтіп жатқан беделді Norway Chess Women 2026 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы турда қазақстандық шахматшы қара тастармен өнер көрсетіп, үндістандық гроссмейстер Хампи Конеруды жеңді. Кездесу Бибісараның пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.
Келесі турда Бибісара Асаубаева Қытай өкілі Чжу Цзиньэрмен кездеседі.
Айта кетейік, Norway Chess Women 2026 турнирі 25 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион 690 мың норвегиялық кронды құрайды. Бұл шамамен 157 мың АҚШ доллары немесе 70 миллион теңгеге жуық.
Қазақстан ҰОК Халықаралық Олимпиадалық академия сессиясына қатысты
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 60-тан астам ел қатысатынын растады