Елена Рыбакина «Ролан Гаррос»-2026 турнирін сенімді жеңіспен бастады

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос»-2026 турнирін сенімді жеңіспен бастады

Бүгін 25 мамырда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орында) 2026 жылғы Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңде қазақстандық теннисші словениялық Вероника Эрьявецпен (85-орында) кездесті. 1 сағат 16 минутқа жалғасқан кездесу 2:0 (6:2, 6:2) есебімен аяқталды.

Енді оның келесі қарсыласы украиналық Юлия Стародубцева (55-орында) болады.

Айта кетейік, биылғы Ролан Гарростың жүлде қоры 61 723 000 еуроны құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 2 800 000 еуро және 2000 рейтингтік ұпай жинайды.

Қазақстандық теннисшілер «Ролан Гарростағы» алғашқы қарсыластарын білді

Қазақстандық теннисшілердің «Ролан Гаррос» алдындағы орындары анықталды

Қазақстан жасөспірімдері Junior Davis Cup іріктеу кезеңін екінші орынмен аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или