Junior Davis Cup: Қазақстан іріктеу кезеңін екінші орынмен аяқтады

Junior Davis Cup: Қазақстан іріктеу кезеңін екінші орынмен аяқтады

Теннистен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (16 жасқа дейін) Шымкентте өткен Junior Davis Cup әлемдік командалық чемпионатының Азия/Мұхит жағалауы аймағы бойынша іріктеу кезеңіндегі өнерін қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аймақтың ең үздік командасы атану үшін өткен шешуші бәсекеде отандастарымыз тартысты ойын көрсетіп, жарыстың үшінші нөмірлі фавориті – Аустралия құрамасына жол берді.

Шымкент корттарындағы кездесу жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Бірінші жекелей сында Ахмади Маханов Итан Домингодан 7:5, 6:4 есебімен басым түсті. Алайда, келесі ойында Аңсар Ниетқалиевті 6:3, 6:1 есебімен жеңген Таики Такизава аустралиялықтарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді.

Жарыс тағдыры жұптық кездесуде шешілді. Ахмади Маханов пен Родион Трайгель алғашқы сетте барын салғанымен, Такизава / Доминго дуэтіне қарсылық таныта алмады – 5:7, 2:6.Ал үшінші орын үшін өткен матчта турнирдің бірінші нөмірлі командасы Жапония Үндістаннан айласын асырды (2:0).

Іріктеу қорытындысы бойынша аймағымыздың үздік төрт командасы жолдама алған Junior Davis Cup додасының финалдық кезеңі осы күзде өтеді. Жылдың басты командалық жарысында әлемнің ең мықты 16 жасөспірімдер құрамасы бақ сынайды. Шешуші турнирдің өтетін орнын Халықаралық теннис федерациясы (ITF) кейінірек анықтайды.

«Ролан Гаррос»-2026: Рыбакинаның алғашқы матчының тікелей трансляциясы

Денис Евсеев Молдовадағы турнирді сәтті бастады

Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или