WTA рейтингі: Рыбакина үздік үштікте қалды, Путинцева екі орын төмендеді
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Франция ашық чемпионатының алдындағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік үштік өзгеріссіз қалды: Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастап тұр, қазақстандық Елена Рыбакина екінші, ал поляк өкілі Ига Швентек үшінші орында.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева екі саты төмендеп, 76-шы орынға жайғасты.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» жарысын словениялық Вероника Эрьявецке қарсы матчпен бастайды (әлемде 84-ші орында), ал Юлия Путинцева австралиялық Талия Гибсонмен (58-ші орында) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или