Магомед Анкалаев америкалық Халил Раунтримен кездеседі

Магомед Анкалаев америкалық Халил Раунтримен кездеседі

UFC-дің бұрынғы чемпионы Магомед Анкалаев 25 шілдеде Абу-Дабиде өтетін турнирде америкалық Халил Раунтримен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай ауыр салмақтағы бұл айқас UFC кешінің басты жекпе-жегі болмақ. 33 жастағы Анкалаев UFC-де 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Ресейлік файтердің соңғы кездесуі 2025 жылдың қазан айында Алекс Перейраға қарсы өтті. Реванш кездесуінде бразилиялық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Айта кетелік, Халил Раунтри UFC-дегі қауіпті нокаутерлердің бірі саналады. Оның еншісінде 15 жеңіс бар, соның оны мерзімінен бұрын аяқталған.

Амантаев ММА-дегі алғашқы сайысын нокаутқа түсірумен бастады

Дана Уайт UFC жұлдыздарын аңыз спортшылармен салыстырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или