Макгрегорды Әлиге, Джонсты Джорданға теңеді

Макгрегорды Әлиге, Джонсты Джорданға теңеді

UFC президенті Дана Уайт ұйымның басты жұлдыздары туралы пікір айтып, Конор Макгрегор мен Джон Джонсты тарихтағы ең ұлы спортшылармен салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уайттың айтуынша, Конор Макгрегор UFC-дегі Мұхаммед Әлиге ұқсайды. Ал егер Майкл Джорданға теңейтін файтерді атау керек болса, онда ол Джон Джонс екенін жеткізді.

Айта кетейік, Макгрегор 12 шілде күні Лас-Вегаста өтетін UFC 329 турнирінде Макс Холлоуэймен реванш өткізеді. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2013 жылы өтіп, ирландиялық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Қазіргі таңда Макгрегордың рекорды — 22 жеңіс және 6 жеңіліс.

Ал Джон Джонс соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың қарашасында Стипе Миочичке қарсы өткізіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

2025 жылдың маусымында америкалық файтер мансабын аяқтап, UFC ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін босатты.

Джонстың кәсіби рекорды — 28 жеңіс, бір жеңіліс және бір нәтижесіз жекпе-жек.

Забит Магомедшарипов мансабы туралы күтпеген мәлімдеме жасады

UFC ауыр салмағында Перейра -Ган жекпе-жегіне болжам жасалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или