Заманбеков белбеуін сақтап қалды
Naiza 83 турнирінде Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы чемпиондық жекпе-жек үлкен даумен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты айқасының шешуші сәті екінші раундта болды. Сол кезде чемпион Болат Заманбеков үш нүктемен тіреліп тұрғандықтан, ережеге сай "жерде жатқан файтер" саналған.
Осы сәтте Еламан Саясатов қарсыласының басынан тіземен ауыр әрі тыйым салынған соққы жасады. Бұл өрескел ереже бұзушылық жекпе-жектің тағдырын толық өзгертті.
Оқиғадан кейін үміткер титул үшін күресті жалғастыру мүмкіндігінен айырылды. Ал Болат Заманбеков чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Айта кетейік, Naiza 83 турнирі 23 мамыр күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті.
Амантаев ММА-дегі алғашқы сайысын нокаутқа түсірумен бастады