Давлатмамадов уақытша чемпиондық белбеуді иеленді
Тәжікстандық файтер Джума Давлатмамадов Алматыда өтіп жатқан Naiza 83 турнирінде жылдам жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жек бірінші раундтың 30-секундында аяқталды.
Давлатмамадов қарсыласы Асет Анарбаевты дәл әрі ауыр соққымен есеңгіретіп, кейін партерде соққыны жалғастырды. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, бастапқыда Анарбаев осы кеште дивизион чемпионы Валерий Гусаревпен толыққанды титул үшін жұдырықтасуы керек болған.
Алайда турнир қарсаңында Гусарев ресми салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай, жарыстан шеттетілді.
Амантаев ММА-дегі алғашқы сайысын нокаутқа түсірумен бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или