1XBET - ставки на спорт

Жоржиньо: Футболда махаббатқа орын жоқ

Жоржиньо: Футболда махаббатқа орын жоқ

Қазақстан чемпионатының 10-турында «Жеңіске» қарсы ойында гол авторы атанған «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Жоржиньо эксклюзивті сұхбатында Sports24.kz порталына өз әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, елдің қазіргі чемпионы елордалық команданы 2:1 есебімен жеңді.

««Жеңіспен» ойындар әрдайым оңай болмайды. Олар қорғанысқа көп күш жұмсайды, төмен блокпен ойнайды және алыс доптарды жиі пайдаланады. Біз бұған дайын болдық, өзімізді сенімді сезініп, үш ұпайды лайықты түрде алдық.

Төрешімен айтысу? Бұл – кез келген матчтың қалыпты бөлігі. Ол маған бірдеңе айтты, мен жауап бердім, керісінше де солай. Бұл – футболдың тілі. Футболда махаббатқа орын жоқ, егер болса да, тек ойынға дейін және одан кейін ғана. Ал матч барысында, әрине, эмоциялар шектен шығады, сондықтан бұл – табиғи жағдай», – деді Жоржиньо.

Айта кету керек, 11 матчтан кейін «Қайрат» 25 ұпаймен Қазақстан чемпионатында көш бастап тұр, ал «Жеңіс» 13 баллмен КФЛ-2026 турнирлік кестесінде сегізінші орында. Қазақстан чемпионатының келесі турында «Қайрат» Алматыда «Қайсармен» кездеседі.


Қазақстандық футболшы Ресейде матч үздігі атанды

Айбол Әбікеннің қос голы «Қайсарға» жеңіс әкелді

«Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті

«Алтай» маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или