Сауат Нұрғалиев шахматтан ел чемпионатында топ жарды
Астана қаласында (Coventry University Kazakhstan) классикалық шахматтан өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жаңа чемпион шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сауат Нұрғалиев 15 жасында алтыннан алқа тағып, сенсация жасады. Ол 13 турда 9 ұпай жинады. Бүгінгі шешуші ойындағы тең ұпай оның көш басында қала беруіне кедергі болған жоқ.
Ерлер (Open) жүлдегерлер:
1. IM Сауат Нұрғалиев (2464, Астана) 9 ұпай
2. IM Жандос Ағманов (2473, Астана) 8,5 ұпай
3. GM Рамазан Жалмаханов (2464, Алматы) 8 ұпай.
Әйелдер арасында да тартыс соңғы сәтке дейін сақталды. Нәтижесінде алғашқы төрттіктегі шахматшыда бірдей ұпай. Орындар тек қосымша көрсеткіш бойынша анықталды.
Жүлдегерлер:
1. Лия Құрманғалиева, 9 балл
2. Зарина Нұрғалиева, 9 балл
3. Елназ Қалиахмет, 9 балл.
Стенд атудан «трап» дисциплинасы бойынша іріктеу кезеңі өтуде
Қазақстан садақ атудан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесі үшін сынға түседі
Қазақстандық спортшы Алматыдағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды