Осы аптада қазақстандық спортшылар қатысатын спорт жарыстары

Осы аптада қазақстандық спортшылар қатысатын спорт жарыстары

Туризм және спорт министрлігі 11-17 мамыр күндері өтетін спорт жарыстарының кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

13-15 мамыр – теңге ілуден II әлем чемпионаты. Жарысқа 10 елден 50-ден астам спортшы қатысады. Өтетін орны: Түркістан қ.

13-16 мамыр – ескек есу слаломынан Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасынан 3 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Сяси қ. (Қытай)

14-15 мамыр – қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысады. Өтетін орны: Қарағанды қ.

14-17 мамыр – ат спортынан кедергілерді еңсеруден әлем кубогі кезеңі. Ел намысын 7 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Бішкек қ. (Қырғызстан)

14-20 мамыр – дзюдодан кадеттер арасындағы халықаралық турнир. Құрама сапынан 5 спортшы татамиге шығады. Өтетін орны: Бельско-Бяла қ. (Польша)

15-17 мамыр – семсерлесуден (рапира, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі. Турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Шанхай қ. (Қытай)

16-17 мамыр – жеңіл атлетикадан Central Asian U18 Open Championships турнирі. Ел құрамасынан 12 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Ташкент қ. (Өзбекстан)

16-21 мамыр – желкенді спорттан 1 ASAF Central Asian Sailing Championship 2026 жарысы. Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады. Өтетін орны: Шолпан-Ата қ. (Қырғызстан)

Стенд атудан «трап» дисциплинасы бойынша іріктеу кезеңі өтуде

Қазақстан садақ атудан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесі үшін сынға түседі

Қазақстандық спортшы Алматыдағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или