Астанадағы турнирде қазақстандық спортшылар жүлде үшін күреседі

Астанадағы турнирде қазақстандық спортшылар жүлде үшін күреседі

Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

78 келіден жоғары салмақта Камила Берліқаш жартылай финалда отандасы Аида Тойшыбекованы жеңді. Енді қазақстандық дзюдошы алтын медаль үшін ресейлік Элис Старцевамен белдеседі. Ал Аида Тойшыбекова қола жүлде үшін италиялық Тициана Маринимен кездеседі.

100 келіге дейінгі салмақта Марат Байкамуров жартылай финалда нидерландылық Михаэль Коррелден басым түсті. Финалда оның қарсыласы молдовалық Вадим Гимбовский болады.

90 келіге дейінгі салмақта Айдар Арапов жұбаныш белдесуінде франциялық Алекс Митровичті жеңді. Енді ол қола жүлде үшін нидерландылық Франк де Витпен татамиге шығады.

Сонымен қатар Екатерина Токарева 78 келіге дейінгі салмақта жұбаныш кезеңінде литвалық Мигле Юлия Дуденайтені жеңіп, қола медаль үшін франциялық Лиз Нгелебеемен белдесуге мүмкіндік алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или