UFC жұлдызы енді еркін күрес лигасында өнер көрсетеді
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев америкалық Real American Freestyle ұйымымен келісімшартқа қол қойып, жаңа лигадағы дебютіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
DAR Pro Team командасының бас бапкері Эдуард Базров бұл келісім UFC тарапынан ешқандай кедергі тудырмайтынын айтты. Оның сөзінше, RAF құрамында Арман Царукян, Хамзат Чимаев секілді танымал спортшылар да өнер көрсетіп жүр.
Бапкердің айтуынша, Алмабаев алдымен 27 маусымда Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде Чарльз Джонсонмен кездеседі.
Айта кетелік, аталмыш жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы RAF лигасындағы алғашқы белдесуін өткізуі мүмкін.
Хамзат Чимаев UFC тарихындағы үздік файтерді атады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или