Чимаев UFC тарихындағы ең үздік файтерді атады
Орта салмақтағы UFC титулының иегері Хамзат Чимаев UFC тарихындағы ең үздік файтерді атады, деп жазады Prosports.kz.
– UFC тарихындағы ең үздік файтер кім деп есептейсіз?
– Джон Джонс, – деді Чимаев TNT Sports-ке берген сұхбатында.
Чимаев Солтүстік Америка лигасы тарихында жеңілмей чемпион атанған спортшылардың бірі. Оның кәсіпқой рекорды – 15 жеңіс, оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Ал Джонс 28 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілген. Спортшыны көптеген сарапшы аралас жекпе-жек тарихындағы ең үздік файтер ретінде таниды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или