Чимаев пен Стрикленд UFC 328 турнирінде чемпиондық белбеу үшін айқасады
АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтетін UFC 328 турнирінің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион Хамзат Чимаев бұрынғы чемпион Шон Стриклендке қарсы октагонға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
10 мамырдан 11 мамырға қараған түні өтетін UFC 328 турнирін Ньюарктегі Prudential Center аренасы қабылдайды. Турнирдің ерте прелимдері Қазақстан уақытымен 02:00-де басталса, алдын ала кард 04:00-де, ал негізгі кард 06:00-де өтеді.
Кештің басты оқиғасында жеңіліп көрмеген чемпион Хамзат Чимаев (15-0) орта салмақтағы титулын қорғауға тырысады. Оның қарсыласы — UFC-дің бұрынғы чемпионы Шон Стрикленд (30-7). Сарапшылар бұл айқасты жылдың ең қызықты титулдық кездесулерінің бірі деп бағалап отыр.
Айта кетелік, негізгі кардта сондай-ақ Александр Волков пен Валдо Кортес-Акоста, Шон Брэди мен Хоакин Бакли арасындағы жекпе-жектер өтеді.
Тікелей көрсетілім сілтемесі: Тікелей көрсетілім
Хамзат Чимаев UFC тарихындағы үздік файтерді атады
Ермеков Ташкенттегі жекпе-жекте жеңіліс тапты