Порье UFC 328 алдындағы салмақ өлшеуді сынға алды
Дастин Порье Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы UFC аңызы Чимаевтың таразыдағы 185 фунты тым тез жарияланғанын айтылды. Оның сөзінше, таразының тепе-теңдікке келуіне уақыт қажет екен.
Порье бұл жағдай күмән тудырғанын жасырмады. Ол мұндай құрылғылар нақты көрсеткіш беру үшін толық тұрақталуы керек екенін атап өтті.
Чимаев пен Стрикленд арасындағы титулдық кездесу UFC 328 турнирінің басты айқасы болады.
Айта кетелік, турнир 9 мамырдан 10 мамырға қараған түні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или