Источник: Иван Мищенко «Сибирьге» ауысады
Хабаровскілік «Амур» қорғаушысы Иван Мищенко келісімшарт мерзімі аяқталған соң (2026 жылы 31 мамыр) Хабаровсктен кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Артура Хайрулина телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Менің ақпаратым бойынша, ойыншы мансабын «Сибирьде» жалғастырады», - деп жазады инсайдер.
Демек «Барыстың» бұрынғы екі ойыншысы новосибирскілік клубқа ауысады. Естеріңізге сала кетейік, «Сибирь» жақында Қазақстан құрамасының бұрынғы көшбасшысы Даррен Дицті қатарға қосатынын жариялаған.
Дарен (Даурен) Диц 2025/2026 жылғы КХЛ маусымында минскілік «Динамо» сапында тұрақты маусым аясында 56 матчқа қатысып, 23 ұпай (5+18) жинады. Ал Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде 8 ойында бір ұпай (1+0) жинады.
Қарағандының «Сарыарқа» және астаналық «Барыстың» бұрынғы қорғаушысы Иван Мищенко «Амур» сапында 65 матчта 25 (6+19) ұпай жинады.