Қазақатандық хоккейші «Бейбарыспен» келісімшартқа отырды
Қазақстандық шабуылшы Никита Баженов мансабын Атыраудың «Бейбарысында» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хоккейші клубпен 2027 жылдың сәуіріне дейін келісімшартқа отырды. Баженовтың атыраулық команда да алғаш рет ойнауы емес; ол бұған дейін 2021/2022 маусымында «Бейбарыс» сапында ойнаған.
Шабуылшы 28 ойын өткізіп, 14 ұпай жинады (9 гол, 5 пас) және Қазақстан чемпионатында командамен бірге қола жүлдені жеңіп алды.
Баженов кейінгі үш маусымды Қарағандының «Сарыарқа» командасында өткізді. Сондай-ақ, ол «Құлагер» және «Алматы» командаларында да ойнады.
Өткен маусымда шабуылшы «Сарыарқа» командасы үшін Қазақстан чемпионатында 29 ойын өткізіп, 19 ұпай жинады (7 гол, 12 пас).
Қазақстан әлем чемпионатында Украинаны жеңді
НХЛ келесі маусымға арналған жалақы шегін белгіледі