Хоккейден ӘЧ: Қазақстан барлық матчта жеңіске жетті

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан барлық матчта жеңіске жетті

Қазақстан хоккей құрамасы хоккейден Бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының соңғы матчында Франция құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы екі кезеңде шайба соғылған жоқ. Үшінші кезеңде есепті француздар ашты, алайда кейін Дмитрий Бреус 51-минутта таразы басын теңестірді. Ойын овертайм мен буллиттер сериясына ұласып, онда қазақстандықтар мықтырақ болды — 2:1.

Бұған дейін Қазақстан хоккей құрамасы Литваны (4:1), Жапонияны (6:0), Польшаны (3:2) және Украинаны (5:4 Б) жеңіп, мерзімінен бұрын бірінші орынды және әлемдік хоккей элитасына жолдаманы қамтамасыз етті.

Қазақстан әлем чемпионатында Украинаны жеңді

«Металлург» бапкерлер штабына өзгеріс енгізбейді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или