Дзюдодан Қазақстан командасының соңғы құрамы белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан командасының соңғы құрамы белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турниріне қатысатын соңғы құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин және Сұңғат Нұрлатұлы белдеседі. 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов пен Бауыржан Нарбаев сынға түседі.

73 келіге дейінгі салмақта Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан және Ануар Жұмагелдин өнер көрсетеді. 81 келіге дейінгі салмақта Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла және Ерзат Арғынов тіркелген.

90 келіге дейінгі салмақта Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай мен Ақжол Дүйсенбаев бақ сынайды. 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байкамуров, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов және Бейбіт Мәдеев күреседі.

100 келіден жоғары салмақта Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай және Еламан Ерғалиев Қазақстан намысын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или