Қазақстан мен Өзбекстан Түркістанда матч өткізді
Футзалдан Қазақстан U19 құрамасы Түркістандағы оқу-жаттығу жиыны аясында Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тимофей Морозов (1-0), Ильдар Байкасов (2-0) және Заур Гайдаржи (3-1) Қазақстан құрамасының голдарын соқты.
Қазақстан U19: Ерошенков (қақпашы), Ахметов, Гайдаржи (К), Амандос, Волман, Мунбаев, Тихоплав, Морозов, Ковылин, Төлеш, Ерболұлы, Мейрамұлы, Торғауыт, Мұхтаров, Байқасынов.
Қазақстан U19 құрамасының Түркістандағы оқу-жаттығу жиыны 11 мамырға дейін «Олимпиад орталығы» спорт кешенінде жалғасады.
Айта кетейік, Қазақстан жастары кеше де Өзбекстанды дәл осындай есеппен жеңген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или