«Астана» командасы Италиядағы жарысқа құрамын жариялады

«Астана» командасы Италиядағы жарысқа құрамын жариялады

Қазақстандық «XDS Astana Team» командасы маусымның алғашқы Гранд-туры - «Джиро д’Италия»жарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда құрамы: Давиде Баллерини, Маттео Малучелли, Кристиан Скарони, Альберто Беттиоль, Диего Улисси, Арьен Ливинс, Харольд Мартин Лопес және Томас Сильва.

2026 жылғы «Джиро д’Италия» 8 мамырда Болгарияның Несебыр қаласында басталып, 31 мамырда Римде аяқталады. Жалпы ұзындығы 3467 шақырымды құрайтын маршрут Болгария, Швейцария және Италия арқылы өтеді.

Бағытқа жалпы биіктігі 48,7 шақырым, Блокхаус, Пьянкавалло және Джаудың аңызға айналған өрмелеулері, тауға шығу, техникалық тұрғыдан күрделі түсулер және 42 шақырымдық жеке уақыттық жарыс кіреді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или