Қазақстан жастар құрамасы өзбекстандық құрдастарын жеңді

Қазақстан жастар құрамасы өзбекстандық құрдастарын жеңді

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер (U19) құрамасы Өзбекстанға қарсы алғашқы жолдастық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Түркістандағы «Олимпиад орталығы» спорт кешенінде өтіп, 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Жанмұрат Амандос, Ильнар Байқасынов және Заур Гайдаржи Қазақстан құрамасының голдарын соқты.

Командалар арасындағы екінші матч 5 мамырда өтеді және сағат 14:00-де басталады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или