Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне жетті
Қазақстан құрамасы Польшадағы әлем чемпионатының IА дивизионында екінші матчта Жапонияны ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Талғат Жайлауов шәкірттері кездесуде 6:0 есебімен басым түсті. Шайбаларды Қайыржан, Шайхмедденов, Бреус, Асетов, Старченко және Ляпунов соқты.
Айта кетейік, алғашқы ойында Қазақстан Литваны 4:1 есебімен жеңген еді.
Элиталық дивизионға шығу үшін құрама топта алғашқы екі орынның бірін алуы керек.
Алдағы матчтар: 5 мамыр — Польша, 7 мамыр — Украина, 8 мамыр — Франция.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или