Хоккейшілер Литваны 4:1 есебімен ұтты
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатының I дивизионы А тобындағы алғашқы матчында Литваны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның бірінші кезеңі күтпеген нәтижемен аяқталып, литвалықтар 1:0 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде де есеп өзгеріссіз қалды.
Үшінші кезеңнің басында Кирилл Савицкий есепті теңестірді. Одан кейін Артур Ғатиятов Қазақстанды алға шығарса, Семен Симонов айырмашылықты ұлғайтты.
Матч соңында қазақстандықтар тағы бір шайба соғып, кездесуді 4:1 есебімен аяқтады.
Айта кетейік, турнир қорытындысы бойынша үздік екі команда келесі жылы элиталық дивизионда ойнау мүмкіндігіне ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или