Әке мен қыз арасындағы жанжал: файтер мәлімдеме жасадыі

Әке мен қыз арасындағы жанжал: файтер мәлімдеме жасадыі

Америкалық ММА файтері Тим Минс кәмелетке толмаған қызымен болған оқиғадан кейін үлкен даудың ортасында қалды. Оған қатысты «балаға қатыгездік көрсету» бабы бойынша іс қозғалып, жағдай қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Prosports.kz.

42 жастағы спортшы ұсталып, бірнеше сағаттан соң босатылғанымен, тергеу жалғасып жатыр. Оқиға оның 17 жастағы қызымен болған тұрмыстық жанжал кезінде туындаған. Қыздың айтуынша, әкесі оған күш қолданып, басы мен бетіне соққы жасаған, сондай-ақ мойнынан қылқындырмақ болған.

Ал файтердің өзі бұл айыптауларды толық мойындамады. Оның сөзінше, ол тек өзін қорғау мақсатында әрекет еткен. 

Айта кетелік, іс сотқа жетуі мүмкін, ал соңғы шешімді құзырлы органдар қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или