Футболдан еліміздің әйелдер лигасында алғашқы тур аяқталды

Футболдан еліміздің әйелдер лигасында алғашқы тур аяқталды

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді. А конференциясында – 9 команда, В конференциясында – 10 команда ойнайды.

Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.

Бүгін, 28 сәуірде В конференция командалар өзара сайысқа түсті.

В конференциясы

28 сәуір

«Ертіс» (Павлодар) - «Жеңіс» (Астана) 0:3

«Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) 3:3

«Тобыл» (Қостанай) - «Астана» 1:0

«Шахтер» (Қарағанды) - «Елімай» (Семей) 0:7.

27 сәуір

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе» 0:20.

Сондай-ақ 27 сәуірде А конференциясында төрт ойын өткізілген еді.

А конференциясы

«Жетісу» (Талдықорған) - «Қайрат» (Алматы) 1:4

«Ордабасы» (Шымкент) - «Ұлытау» (Жезқазған) 2:0

«Қайсар» (Қызылорда) - БИІК (Шымкент) 0:4

«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Атырау» 2:0.


«ПСЖ» — «Бавария»: Чемпиондар лигасының тікелей көрсетілімі


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или