Дәурен Тұрсағұлов «Қайрат» сапындағы соңғы маусымын өткізеді

Дәурен Тұрсағұлов «Қайрат» сапындағы соңғы маусымын өткізеді

Қазақстан ұлттық футзал құрамасының шабуылшысы Дәурен Тұрсағұлов «Қайрат» сапында соңғы маусымын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«АФК «Қайрат» сапындағы соңғы маусымым…8 жыл…бұл жай ғана уақыт емес.

Бұл менің өмірімнің маңызды бір кезеңі, қалыптасу жолым, үлкен тәжірибем.

Осы жылдар ішінде бірге болған барлық сәттер үшін алғысымды білдіремін. Клуб басшылығына, бапкерлер құрамына, әріптестеріме, медициналық штабқа және әрдайым жанымыздан табылған жанкүйерлерге шын жүректен рақмет!

Бұл клуб әрдайым жүрегімде ерекше орын алады.Алда - жаңа белес, жаңа мақсаттар. Сезонды лайықты аяқтап, келесі қадамға сеніммен қадам басуға дайынмын.

Рақмет, «Қайрат»!», - деп жазды ойыншы өзінің Instagram парақшасында.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или