Жағажай волейболшылары Азия ойындарын аяқтады

Жағажай волейболшылары Азия ойындарын аяқтады

Қазақстан құрамасының өкілдері Сергей Богату мен Кирилл Гурин жағажай волейболынан Азия ойындарында жарысты тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда олар Ливан жұбы Хади Эль Чабиб пен Джад Аби Карамға қарсы ойнады. Кездесу үш партияға созылды.

Алғашқы сетте қарсыластар 24:22 есебімен басым түсті. Екінші партияда қазақстандықтар есепті теңестірді — 21:18. Алайда шешуші сетте ливандық жұп 15:13 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Осылайша Қазақстан бұл спорт түрі бойынша Азия ойындарындағы өнерін аяқтады. Бұған дейін басқа жұптар да жарыстан шығып қалған болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или