Қазақстандық волейболшылар жағажайдағы Азия ойындарының 1/8 финалында жеңіліп қалды
Бүгін, 26 сәуірде Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жағажай волейболынан плей-офф кезеңінің ойындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
1/8 финалда қазақстандық Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова Филиппин өкілдері Харл Прогелла мен Шанин Пагараға қарсы ойнады.
Кездесуде қарсыластары басым түсіп, екі партияда да жеңіске жетті - 2:0 (21:11, 21:14).
Осылайша, Рюхова мен Каримова жарысты аяқтады.
Айта кетейік, бүгін 1/8 финалда Сергей Богату/Кирилл Гурин және Дмитрий Яковлев/Абдулмажид Мохаммад жұптары да өнер көрсетеді.
Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жағажай Азиадасын жеңіспен бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или