2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары: қазақстандық жүзгіштердің нәтижелері

2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары: қазақстандық жүзгіштердің нәтижелері

Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында ашық суда жүзуден 5 шақырымдық финалдық сайысқа қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Бұл сайыста ел намысын Лев Черепанов пен Ғалымжан Балабек қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Черепанов үздік ондыққа еніп, 0:56:00 уақыт көрсеткішімен сегізінші орын алды.

Ал Балабек 0:59:49.4 уақыт нәтижесін тіркеп, 13-орынға тұрақтады.

Алтын медальді қытайлық Цзыян Чжан (0:53:46) жеңіп алды. Екінші орынды вьетнамдық Хоан Хуэй Нгуен (0:53:53.2) иеленсе, қола жүлде Туан Ань Тран Майға (Вьетнам) бұйырды - 0:53:56.3.

Жарысқа барлығы 28 спортшы қатысты.

Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жағажай Азиадасын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или