Әлем кубогы: Сұлтанбек Айбарұлы жартылай финалда
Бразилияның Фос-де-Игуасу қаласында өтіп жатқан әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жектері жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі, 85 келі салмақта сынға түсіп жатқан Сұлтанбек Айбарұлы турнирдегі алғашқы жекпе-жегін Италия өкілі Паоло Карусоға қарсы өткізді.
Шабуылда ширақ, қорғаныста сенімді болған қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Қорытынды есеп: 4:1.
Осылайша, күндізгі сессияда жарыс жолына шыққан үш боксшымыздың екеуі жартылай финалға жолдама алды. Атап айтсақ, 60 келідегі Виктория Графеева 1/4 финалда канадалық Марие Ал Ахмадиехті 5:0 есебімен тізе бүктірген еді. Ал ерлер құрамасынан 70 келідегі Фарух Тоқтасынов Наби Исгандаровқа (Әзербайжан) жол берді.
Виктория Графеева жартылай финалға жолдама алды
Фарух Тоқтасынов әлем кубогының жартылай финалына шыға алмады
Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар жазаланды