Қазақстандық қақпашы еуропалық клубтардың назарында
Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков еуропалық клубтардың назарына ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Kommentator_Maulen телеграм арнасының хабарлауынша, Лиссабонның екі алпауыт клубы «Спортинг» пен «Бенфика» қазақстандық қақпашыға қызығушылық танытып отыр. Қос клуб «Қайрат» ойыншысы үшін шамамен 2,5 млн еуро ұсынуға дайын.
Айта кетейік, алматылық клубтың қақпашысы осы маусымда ҚПЛ-да жеті матчқа қатысып, алтауында қақпасын құрғақ ұстады.
ҚПЛ: наурыз айының үздіктері белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или