Арман Оспановтың орнына кім келгені белгілі болды

Арман Оспановтың орнына кім келгені белгілі болды

Бақытбек Дүзелбаев ресми түрде «Ақтөбе» клубының жаңа басқарма төрағасы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

««Ақтөбе» облыстық футбол клубы»  АҚ Бақытбек Темірбекұлы Дүзелбаевтың басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанын хабарлайды. Шешім клубты одан әрі дамыту және команданың спорттық нәтижелерін жақсарту міндеттерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен қабылданды. Бақытбек Темірбекұлын қызыл-ақ отбасы құрамына қуана қарсы аламыз және оған табысты жұмыс, қойылған мақсаттарға жету мен клубпен бірге жаңа жеңістер тілейміз», – делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаевтың KAZPLEM ЖШС-ін басқаратыны және ардагерлер турнирлерінде футбол ойнайтыны белгілі.

Айта кетейік, қазіргі таңда ақтөбеліктер ел чемпионатында алты турдан кейін жеті ұпай жинап, турнир кестесінде 10-орында тұр. 25 сәуір күні Премьер-лига аясында «Ақтөбе» Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдайды.

«Ақтөбе» клубының басшылығында өзгеріс орын алды

Ресми: Мирослав Ромащенко «Тобыл» бас бапкері атанды

Шетелдік маман ҚФФ-ның бас хатшысы қызметіне ұсынылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или