«Тобыл» клубының бас бапкері белгілі болды

«Тобыл» клубының бас бапкері белгілі болды

Ресейлік маман Мирослав Ромащенко «Тобыл» клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.

52 жастағы тәжірибелі маман осыған дейін Нұрбол Жұмасқалиевтің ассистенті болған еді. Ол жоғары деңгейде жұмыс істеген, әр жылдары Ресейдің «Томь» және «Ахмат» клубтарын баптады. Сондай-ақ Станислав Черчесовтің бапкерлік штабының құрамында «Динамо» (Мәскеу), польшалық «Легия» және венгриялық «Ференцварош» клубтарында еңбек еткен. 2016-2021 жылдар аралығында Ресей құрамасының бапкерлер штабы құрамында қызмет атқарды.

Бапкер ретінде Польша чемпионы атанып, Венгрия чемпионатын екі мәрте жеңіп алған.

«Тобылға» дейін Мирослав Юрьевич Ресейдің «Урал» клубын жаттықтырып, Бірінші лигада екінші орынға ие болды.

«Тобыл» Нұрбол Жұмасқалиевтің кеткенін ресми мәлімдеді

ҚПЛ: Алтыншы турға жиналған көрермен саны анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или