Ресми: «Тобыл» бас бапкерін қызметтен босатты
Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиевтің қызметінен кететінін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
«Тобыл» футбол клубы Нұрбол Жұмасқалиевтің команданың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлайды.
Оның бапкерлігімен «Тобыл» елеулі нәтижелерге қол жеткізді: Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
«Тобыл» клубтың аңызы Нұрбол Жұмасқалиевке атқарған жұмысы, кәсібилігі және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.
Алдағы мансабында сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!», — деп жазылған клубтың инстаграмдағы парақшасында.
«Тобыл» биылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымында алты матч өткізіп, төрт рет жеңіліске ұшырап, екі рет тең түсті. Команда екі ұпай жинап, турнир кестесінде 15-ші орында тұр.
Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде жоғарылады