ҚПЛ: Сегіз матчқа 70 мың жанкүйер келген
Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турына жиналған көрермендер саны жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сегіз ойын өткізіліп, жалпы көрермен саны 70 137 көрермен болды. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионына өткен «Ордабасы» — «Оқжетпес» матчына 16 547 көрермен келді. Турдың ең аз көрермені Түркістанда өткен Атырау мен Қызылжар арасындағы ойын (0-1) болды, матч 500 көрерменді жинады.
Алты турдан кейін «Қайрат» 14 ұпаймен Қазақстан чемпионатында көш бастап тұр. «Елімай» мен «Ордабасы» да 12 ұпайдан жинап, алғашқы үштікте қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или