Айымбетов «Петролулдың» кезекті матчына қатыспады
Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов ойнайтын «Петролул» Румыния чемпионатының кезекті турында «Херманнштадт» қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Плоештидегі матч 1-1 есебімен аяқталды. Қонақтар сапында Иоан Рош гол соқты, ал қонақтар сапында Кристиан Негут мергендігімен көзге түсті.
Қазақстан құрамасы мен «Петролулдың» 30 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов бүкіл матч бойы қосалқы құрамда отырды.
Биылғы маусымда «Астана», «Қайрат» және «Ақтөбе» командаларының бұрынғы ойыншысы Румыния чемпионатының бес ойынында алаңға шықты, бірақ гол соға алмады.
«Петролул» турнир кестесінде 23 ұпаймен 12-ші орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или