«Атырау» футбол клубы жаңа инвестор тартылғанын жариялады
Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Атырау» футбол клубы жаңа инвестор тартылғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың мәліметінше, 2026 жылғы 17 сәуірде тиісті меморандумға қол қойылып, жоба аясындағы инвестиция көлемі шамамен 1 миллиард теңгені құрайды. Ашық конкурс нәтижесінде жеңімпаз ретінде аймақтағы белгілі кәсіпкер Болат Қонарбай танылды.
Құжат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық футбол клубтарын жекешелендіру және коммерциализациялау жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленген.
Айта кетелік, «Атырау» КПЛ-2026 турнир кестесінде 8-орында тұр. Команда келесі кездесуін «Қызылжарға» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или