Мәулен ҚПЛ-дағы VAR мәселесі туралы: төрешілер бұлыңғыр видеоны көріп, қателеседі

Мәулен ҚПЛ-дағы VAR мәселесі туралы: төрешілер бұлыңғыр видеоны көріп, қателеседі

«Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі Ермұхамед Мәулен ҚПЛ матчтарындағы төрешілердің қателіктері, VAR жүйесінің ақаулары және клубтың атына айтылған сындарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ордабасы» мен «Атырау» арасындағы матчта аса қатты дау-дамай туындайтындай ештеңе көрген жоқпын. Иә, төрешілер қателесті. Оны Каштру мырза мойындап, жазалады. Одан кейін де «Ордабасының», «Елімайдың», «Алтайдың» ойындарында қайталау жоқ, VAR істемей қалған. Осының барлығын айттым, құлақ асқан азамат болса, түсінеді.
«Ордабасы» клубында жұмыс жасап, қалайша мен «Ордабасыны» сынаймын? Іште боп жатқан біршама жағдайлар бар, ешкім идеал емес, бірақ ел алдында оның барлығын жайып салмаймыз ғой. Анығы – «Ордабасы» төрешілермен жұмыс істеген жоқ. «Астана» да төрешімен істеген жоқ. Үшінші, төртінші турларда төрешілермен келісіп, былықтырып жатады деп ойлайсыз ба? Төрешілер әрбір ҚПЛ матчында қателесіп жатады. VAR-дың бұлыңғыр кескінін көреді де, қате шешім шығарады. Трансляцияның сапасы өте нашар болған соң осындай жағдайға келіп жатырмыз», – деді Мәулен.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» президентінің кеңесшісі Ермұхамед Мәулен 20 сәуірде қызметінен ресми түрде кетеді.

Ол атап өткендей, ҚПЛ-дың төртінші турындағы «Ордабасы»–«Атырау» (1:1) матчында төреші қонақтардың голын қате санамай, кейін ол үшін жазаланған болатын. Ал «Астанаға» қарсы ойында (1:1) бас қазы елордалықтар қақпасына пенальти белгілеп, оның қате екенін тек VAR араласқаннан кейін ғана біліп, шешімін өзгертті.


Қазақстан кубогы: 1/8 финал кестесі жарияланды

«Оқжетпес» бапкеріне жаңа пәтер кілті табысталды

«Қайрат» шегерілген матчқа қатысты мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или