ҚПЛ-да шымкенттіктер «Окжетпесті» ұтты

ҚПЛ-да шымкенттіктер «Окжетпесті» ұтты

ҚПЛ-дің 6-туры аясында «Ордабасы» өз алаңында «Окжетпесті» қабылдап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудегі барлық голдар екінші таймда соғылды. Ойынның 65-минутында Малый есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.

90+1-минутта Ассунсао есепті теңестіріп, интрига қайта жанданды. Алайда қосымша уақытта Токтыбай жеңіс голын соғып, шымкенттік клубқа үш ұпай сыйлады – 2:1.

Осы нәтижеден кейін «Ордабасы» 12 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал «Окжетпес» 11 ұпаймен төртінші орында қалды және маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или